Жаңалықтар тізбегі
0

Кеңес роботы мемлекеттік қызмет көрсетуге қосылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 23:11 Baq.kz
Кеңес роботы egov.kz порталының және www.1414.kz сайтының пайдаланушыларына интерактивті online-кеңес көрсетуге арналған виртуалды көмекші ретінде ұсынылған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді 1414 нөмірі арқылы көрсету процесіне Кеңес роботы қосылды. 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу кезінде Кеңес роботы қоңырау шалушымен амандасып, телефон арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультация береді, деп хабарлайды Baq.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес роботы қазақ және орыс тілдеріндегі сөздерді, сонымен қатар қазақша-орысша аралас сөйлемдерді анықтай алатын болып әзірленген. Жоба тестілік режимде іске қосылғандықтан, бүгінгі таңда робот пайдаланушылардың ең танымал 10 сұрау салулары бойынша консультация береді.

Атап айтқанда, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік салығын төлеу, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру, МӘМС (медициналық сақтандыру), лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын іздеу, ЭЦҚ алу, балабақша кезегін тексеру/қою,ХҚКО жұмыс уақыты, ЖҚЕ айыппұлдарының болуы не болмауы.

Айта кетейік, Кеңес роботы egov.kz порталының және www.1414.kz сайтының пайдаланушыларына интерактивті online-кеңес көрсетуге арналған виртуалды көмекші ретінде ұсынылған. Кеңес виртуалды роботы – анимацияланған кейіпкер. «Өзің туралы айтшы» деген сұраққа Кеңес «мен ақылды және мейірбанмын» деп жауап береді, азаматтарға «Отбасы», «Білім», «Жылжымайтын мүлік», «Бизнесті тіркеу және дамыту» тақырыптары бойынша кеңес көрсете алады, «Портал туралы», «Парольді жаңарту», «Мекенжай анықтамасы» бойынша көмек көрсете алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: