Қазақстанның мемлекеттік қарызға қызмет көрсету құны айтарлықтай өсті
Жиында мәжілісмен Альберт Рау Қаржы министрлігі өкілдеріне алдағы бюджеттің шығыс бөлігінің қанша бөлігі мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге қарастырылғанын айтуды сұрады.
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева бұл соманың артқанын мойындады.
2023 жылға арналған қарызға қызмет көрсетуге келетін болсақ, шығын 1 триллион 759 миллиард теңге болып белгіленген. Өсу, әрине, айтарлықтай, бірақ өсудің екі негізгі факторы бар.Татьяна Савельева
Оның айтуынша, басты себептердің бірі – доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өзгеруі.
Ұлттық банктің белгіленген мөлшерлемесіне байланысты қарыз алу құнының өсуі де маңызды рөл атқарады. Бұл негізгі факторлар.Татьяна Савельева
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыз квазимемлекеттік сектордың қарызын есептемегенде 24 трлн теңге болды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 27,4 пайызына жетті. Үкіметтің сыртқы қарызы және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарызы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 37 млрд доллар болды. Бұл Ұлттық қор активтерінің 67%-ына тең және шекті мәнге жақындап қалды.