Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшері көбейеді

ҚР Қаржы министрлігі, әлеуметтік төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2022 жылғы 1 сәуірден республикалық бюджетті мынадай көлемде бекіту жоспарланды:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

  • зейнетақының ең төмен мөлшері – 48 032 теңге;

  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш  – 3 180 теңге;

  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы  – 37 389 теңге.

    Сонымен қатар 2022 жылғы 1 сәуірінен бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдері 4%-ға өседі.

    Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін АшықНҚА веб-сайтында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: