Ақтөбеде анасы туған баласын бейтаныс адамға қалдырып кетті

3 Сәуір 2018, 09:12
Сурет: Baq.kz

Ақтөбеде әйел адам туған баласын бейтаныс адамға қалдырып, өзі із-түссіз жоқ болып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақтөбелік 26 наурыз күні бейтаныс адамның өзіне 2017 жылы туған баласын қалдырып кеткені туралы айтып, полицияға арыз жазады. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 140-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«27 наурыз күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың анасы табылып, одан жауап алынды. Қазіргі таңда бала «Үміт» сәбилер үйіне жіберілді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?