Өз әйелім деп бейтаныс адамға пышақ кезенген ақтөбелікке үкім шықты

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 21:14 aktobenews.kz
36 жастағы қала тұрғыны Д.Жансүгүров Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталды.

Ақтөбе қалалық сотында айыпталушы Д.Жансүгүровке қатысты сот үкімі шықты. Ол жанынан өтіп бара жатқан адамға өз әйелім деп пышақ ала жүгірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

36 жастағы қала тұрғыны Д.Жансүгүров Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы Д.Жансүгүров «УВД-4» бау-бақша ұжымы аумағында тұрған кезде жанынан бейтаныс әйел өтеді.

Сол кезде жұмыстан үйіне келе жатқан жәбірленуші С.Қарамергенованы ұстап, қолындағы пышақты кезенеді. Шалт қимылдаған жәбірленуші пышақтың жүзін ұстап алған. Жеңіл түрде жарақат алды.

Сот отырысы кезінде сол күні ішімдік ішкен Д. Жансүгүров өз кінәсін толық мойындады. Бейтаныс әйелді азаматтық некедегі өз әйелімен шатастырғанын, таныған кезде пышақты алып, кетіп қалғанын жеткізді. Ал жәбірленуші өзіне пышақ салмақ болған адамды кешіріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Данияр Жансүгүров Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», — деді №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы С.Тасымбетов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: