Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО оқушылары білім сапасын тексеретін сынақтан босатылады

Бұған себеп, облыстың кей жерлері су құрсауында қалған.

Сурет : Хабар 243 Сәуір 2018, 15:45

Шығыс Қазақстан өңірінің оқушылары білім сапасын тексеретін сыртқы бақылаудан босатылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұны бүгін Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов айтты. Бұған себеп, облыстың кей жерлері су құрсауында қалған. Сондықтан дәл қазір оқушылардан сынақ алу қиын шаруа.

Айта кету керек, білім деңгейін бақылайтын сынақ 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оны мектеп қабарғасындағы 4, 9 және 11 сынып оқушылары тапсырады.

- Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі жағдайға байланысты оқушыларды білім сапасын тексеретін сынақтардан босатуды ұйғардық. Өңірдегі жағдайға байланысты сынақ тапсыру мүмкін емес. Биыл бақылау жұмыстары 9 сәуірден басталатынын айта кету керек, - деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер