Білім министрі ШҚО оқушыларын сабақтан босатты

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2018 17:23 ҚазАқпарат
Ерлан Сағадиев су тасқынына байланысты мектеп сабақтарының болмайтынын жеткізді.

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев су тасқынына байланысты мектеп сабақтарының болмайтынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірқатар аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірнеше мектептерінде сабақ өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста министр білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы аталған бағдарламаға 445 мдрд теңге бөлінген. Бұл ақшаның 99,8 проценті игерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: