ҚТЖ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау үшін жеке пойыз бөлді
Сурет: rail-news.kz
Ұлттық тасымалдаушы су тасқынына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан Екатеринбург-Алматы тас жолы уақытша жабылып қалды. Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр.
"Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды: - №8801/8802 "Қарағанды-Балқаш-2" бағытында пойыз Қарағандыдан 30 наурыз күні сағат 14:53-те жөнелтілді. Сондай-ақ, келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды: - Қарағанды-Балқаш-2" бағытындағы №606 пойыз Қарағандыдан 30 наурызда сағат 19:40-та жөнелтіліп, 31 наурыз күні Балқашқа сағат 06:25-те келді; -"Балқаш-2-Қарағанды" бағытындағы №605 пойыз 30 наурыз күні сағат 22:50-де Балқаштан жөнелтіліп, 31 наурыз күні сағат 8:20-да Қарағандыға келді", - делінген хабарламада.
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1200-ден астам тұрғындарды тасымалдау мүмкін болады.
"Анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі бойынша тегін алуға болады".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript