Қарағанды ​​облысының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы ескертілді

Қарағанды ​​облысының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2024 19:58 Сурет: pixabay
Қарағанды ​​облысының тұрғындары мен қонақтарына халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндеу бүгін, 2024 жылдың 5 қаңтарында оператордың Telegram-дағы каналында жарияланды.


"Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2024 жылдың 8 қаңтарында аталмыш облыста ауа-райының күрт бұзылатыны болжанды. Осыған байланысты, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылардан аса қажет болмаса, алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: