Жаңбыр мен қар жауады: жүргізушілерге Қазақстан жолдарында ауа райының нашарлауы туралы хабарланды
Сурет: Zakon.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жолдардағы көңіл көншітпейтін ауа-райы туралы айтып, жүргізушілерге үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2024 жылдың 4 қарашасында кей жерлерде күтілуде:
- жаңбыр – Атырау, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Абай облыстарында;
- жаңбыр мен қар – Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында.
"Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз", — делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Сондай-ақ қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласып, қосымша ақпаратты ала алатыны хабарланды.
2024 жылғы 31 қазанда Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript