Қазақстандағы автожолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын кешен енгізілді: тізім

Қазақстандағы автожолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын кешен енгізілді: тізім, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 19:20 Сурет: Zakon.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.

Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:

  • Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
  • Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 шақ/сағ);
  • Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
  • Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 шақ/сағ);
  • Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ);
  • Орал - РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 шақ/сағ);
  • Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 шақ/сағ).


"Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдарды алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар", - деп ескертті ұлттық компания қазақстандықтарға.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: