"ҚазАвтоЖол" жолдардағы шектеуге қатысты үндеу жасады
Сурет: Zakon.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға енгізілген шектеулер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оператор мәлімдемені Telegram-дағы канал арқылы хабарлады.
"Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды", - делінген хабарламада.
Ұлттық компания 2023 жылдың 29 желтоқсаны мен 2024 жылдың 2 қаңтары аралығында "1403" байланыс орталығына қазақстандықтардан 34,8 мың қоңырау келгенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript