Күн райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда қандай жолдарда қозғалыс әлі шектеулі

Сағат 13.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 16 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Алматы облысында – 1 учаске (84 км)
- Алматы – Ташкент – Термез а/ж Жаңақұрылыс а.– Жамбыл обл шек.– 84 км;
Автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілген.
Жамбыл обласында - 11 учаске (1 103 км)
- Алматы – Ташкент – Термез, Айша-Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км;
- Мерке – Шу – Бурылбайтал, Бейназар а. – Бурылбайтал а.– 107 км;
- Алматы – Ташкент – Термез, Кенен а. – Қайнар а. (жаңа Қордай өткелі) – 95 км;
- Алматы – Ташкент – Термез, Қайнар а.– Мерке а. – 117 км;
- Шу – Қайнар – 56 км;
- Қордай – Қайнар – 24 км;
Автокөліктің барлық түріне шектеу
- Алматы – Ташкент – Термез, Кенен а. – Қордай а.– Қайнар а. (ескі Қордай өткелі) – 101 км;
- Ескі Күйік өткелі" – 11 км;
- Тараз қаласының жаңа айналма жолы – 58 км;
- Мерке – Шу – Бурылбайтал, Мерке а. – Бейназар а.– 266 км;
- Екатеринбург – Алматы Қараганды обл.шек.– Алматы обл.шек – 209 км.
Дизель отынымен жабдықталған барлық автокөліктерге шектеу
Жетісу облысында – 2 учаске (145 км)
- Үшарал – Достық а/ж, Көктұма – Достық ст. – 100 км;
- Сарыөзек – Көктал а/ж, Сарыөзек а.– Алтын Емел өткелі – 45 км.
Автокөліктің барлық түріне шектеу
Маңғыстау облысында – 1 учаске (380 км)
- Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" а/ж, Бейнеу а. – Жетібай а. – 380 км.
Автокөліктің барлық түріне шектеу
Түркістан облысында – 1 учаске (62 км)
- Алматы – Ташкент – Термез а/ж, Машат а. – Жамбыл обл. шек. – 62 км.
Автокөліктің барлық түріне шектеу
Республикалық маңызы бар автожол желісі бойынша шектеу 1774 км. енгізілді.
Қазіргі уақытта, республикалық маңызы бар автожолдарда 550 бірлік арнайы техника мен 1 340 жолшылар жұмылдырылды.