Күн райына байланысты республикалық жолдардың кейбір учаскелері әлі де ашылған жоқ
Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Республикалық маңызы бар тас жолдарда ауқымды қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысқа 500 арнайы жедел техника жұмылдырылған. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Qazavtojol өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа райы нашарлаған сәттен бастап (3 қаңтардан бастап) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар жұмсалды.
"Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жолдар жабық".Qazavtojol
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты.
"Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды".Qazavtojol
Сондай-ақ Қазақстанның он алты облысы мен астанасында 5 қаңтарда жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript