Жаңалықтар тізбегі
0

Ұрланған активтер швейцарлық банктен елге қайтарылады

radikal.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 19:00 radikal.ru
Бұл қаражатты халықаралық іздеуде жүрген Мағзұм Абдарлиев шетелге шығарған.

Қазақстан швейцарлық банкте жатқан бір миллион доллардан астам елден заңсыз шығарылған қаражатты тәркілеу бойынша қажетті іс-шараларды қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура қылмыстық жолмен келген және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты анықтады.

Белгілі болғандай, ақша Мағзұм Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүр. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық топтың мүшелері Жақаевқа, Әбдірахмановқа және Құрманалиевке шет елде қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті болды.

"Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады. Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішін қанағаттандырды", — делінген хабарламада.

Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "ТАТ Кредит" ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге табылды. Прокуратура қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтініш жолдады.

Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 миллионнан астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

Баспасөз қызметі атап өткендей, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: