Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Волгоград қаласында жерленген қазақ батырының басына туған жердің топырағы жеткізіледі

Бұл аманатты арқалап, батырдың тікелей ұрпақтары жолға шықпақ.

Сурет : Хабар 246 Сәуір 2018, 11:02

Атақты ұшқыш, Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтің туыстары Волгоград қаласының Мамай қорғанындағы «Бауырластар» моласына туған жердің бір уыс топырағын жеткізеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл аманатты арқалап, батырдың тікелей ұрпақтары Әбубәкір Әбдіров пен Қарағанды қаласының криминалды полиция қызметкері Бақтияр Әбдіров жолға шықпақ. Қарағандының Даңқ аллеясындағы Мәңгілік алау мемориалында Сталинград шайқасында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етуге арналған шара өтті. Биыл 75 жыл толған Сталинград шайқасына Қазақстаннан қатысқан 387-атқыштар дивизиясы Сарыарқа сарбаздарынан құралған. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен 760 мың адам марапатталып, 125 жауынгер Кеңес одағының батыры атағын алды. Жат жерде шейіт болған батырлардың бірі – қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров еді.

– Нүркен Әбдіров ағамыздың Волгоградта үлкен аллеясы ашылады. Марқұмның басына тағзым ету шарасын өткіздік, бұл шара өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен тәрбиелік мәні бар деп есептеймін, - дейді облыстық ІІД басшысы Мергенбай Жаппаров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер