Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы маңынан сақ жауынгері жерленген қорған табылды

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45 Сурет: Zakon.kz
16 қазан күні Алматы археологтары қаланың Алатау ауданынан біздің дәуірімізге дейінгі V-II ғасырда жерленген сақ жауынгерін тапты. Бұл жолғы табылған қорғанның ерекшелігі – оның бұрын-соңды түртілмеуінде. Zakon.kz тілшісі қазба жұмысының орнына барып, сақ жауынгері туралы біліп қайтты.

Қазба жұмысы бір апта бұрын басталған. Археологтар қазған қабір шұңқырында алтынмен безендірілген қылыштың сынықтары, аң бейнеленген киімнің элементтері, күміс қорытпасынан жасалған киім және сақ жауынгерінің денесі жатыр. Жауынгер 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш жәшікте болған.

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Бұл жолы табылған сақ жауынгерінің ерекшелігі неде?

Алматы Музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, археолог Марат Нұрпейісовтің айтуынша, Алатау ауданындағы бұл қорым 1970 жылдардан бері танымал. Археологтар осы жерде қорған барын білген соң дәл осы аймақта қазба жұмысын бастаған. Бірақ бұл жер электр жеткізу желісі бар техникалық коммуникация аймағы болып саналады. Сондықтан дәл осы жерді қазуға рұқсат алу біраз уақытқа созылыпты.

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Жұмысшылар ешқандай көлік пен техниканың көмегінсіз бәрін қолмен қазған. Мамандар бұрын қазылған топырақ екенін байқап, әрі қарай жұмысты жалғастыра берген. Бірақ, қорған екенін үлкен тастардан байқаған. Әуелі үлкен тастар, содан соң ағаш жәшік қалдықтары шыға бастағанда мамандар бұл жерде мүрде бар екенін білді.

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Қазба жұмысы жыл сайын жүргізілгенімен мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Мына жерде 3 тоннадай тас бар шығар. Тастарды ақтарғаннан кейін ағаштың қалдықтарын байқадық. Бұл - адам жерленгенінің нақты белгісі. Адам денесі ағаш жәшікке салынған. Органикадан соң темір байқалды. Ол - жауынгердің қолындағы қылыштың жүзі. Ал қылыштың сабы алтыннан. Сонымен қатар, мұнда үш түйір алтын жатыр. Олар - киім мен қылыштың бөліктері. Алтында мысықтың тұмсығы бейнеленген. Осындай белгілердің бәрін ескере келе, біз мұнда V-II ғасырда өмір сүрген жасы 50-ден асқан сақ жауынгері жерленген деп топшылап отырмыз. Әлі денеге толықтай зерттеу жасалады, - деді Алматы Музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, археолог Марат Нұрпейісов.

Археолог Марат Нұрпейісов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Археологтар жауынгердің бас сүйегін бүгін ғана тапқан. Мамандардың айтуынша, дене жойыла бастағанда бас кеудеден бөлініп кеткенге ұқсайды. Сонымен қатар жауынгер адам қолынан қаза тапқан болуы мүмкін. Себебі бас жарақаты байқалады.

бас сүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова соңғы рет сақ жауынгері 2014 жылы осы Алатау ауданында табылғанын еске салды. Одан кейінгі жылдары дәл мұндай жәдігер табылмаған еді.

алтын, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Жауынгер денесі мен алтын бұйымдар қайда жіберіледі?

Дәл қазіргі уақытта түртілмеген, тоналмаған мүрдені табу қиын. Ал бұл жерде жатқан жауынгердің моласы бұрын-соңды қазылмаған, оның алтындарын ешкім алып кетпеген. Сол себепті бұны үлкен жаңалық деп айта аламыз.Алматы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова

Ләззат Сағындықова, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Қазба жұмысы әлі аяқталған жоқ, жалғасып жатыр. Ләззат Сағындықованың айтуынша, сол себепті тағы жаңалықтар болып қалуы мүмкін.

Қазба жұмысының нәтижесінде табылған заттар консервациядан өтеді, зерттеледі. Зерттеліп болған соң, Алматы қаласы тарихы музейінің экспозициясына қойылады.Ләззат Сағындықова

қазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:45

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: