Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда тағы 15 мың шақырым жол ақылы болмақ

Республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету ұсынысын жеке серіктестік көтерген.

Сурет : baribar.kz10 Сәуір 2018, 11:51

Қазақстанда алдағы үш жылда 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктестік бастады. Ол үш жылдың ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады", — деді Қасымбек.

Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет ресурстар мен баспасөзде жарияланды.

"Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстарын жеткізсе, әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады", — деді ол.

Айта кетсек, қазіргі уақытта инвестициялар және даму министрлігі жетекшілік ететін салаларда МЖӘ механизмі бойынша 44 жоба пысықталу және іске асырылу кезеңінде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер