Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 5 мың ақылы тұрақ орны пайда болады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2018 21:21 ҚазАқпарат
Ақылы тұрақтардан бюджетке елеулі түсім түсіп отыр.

Алматы билігі болашақта қаланың орталығында ақылы тұрақ орындарын кеңейте түспек. Мұндай жоспармен қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма басшысы мәлімдегендей, ақылы тұрақ желісі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

«Жыл соңына дейін ақылы тұрақ санын 15 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Әсіресе, орталықты адамдардың жүруіне ыңғайлы етуіміз керек. Болжамға сәйкес, 10 жылдан соң автокөлікке деген сұраныс азаяды», - деді Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, ақылы тұрақтардан бюджетке елеулі түсім түсіп отыр.

«Тек қана 10 көшенің бойында ақылы тұрақ жасадық. Соның өзі бюджетке түсетін түсімді 5 есе арттырды», - деді ол.

Басқарма басшысы мәлімдегендей, 2017 жылы автотұрақтардан жалпылама 290 млн теңге табыс түскен. Бұған әкелінген құралдардың кеден салығы, жұмыскерлердің салығы, тікелей айыппұлдар қоса есептеліп отыр. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 32 млн теңге болатын.

Айта кету керек, Алматыда 2017 жылы 500 ескі тұрақ орны демонтаждалып, 10 мың көлікке арналған ақылы орындар пайда болған еді. Сонымен қатар тұрақ ақысы өзгермейтін болды. Таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін автожүргізушілер сағатына 100 теңге төлесе, алғашқы 15 минуты тегін болмақ. Ал бұл уақыттан тыс сәттерде жүргізушілер тұраққа тегін қоя алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: