Алматыда Абай көшесінде туристік павильон пайда болады
Zakon.kz
Бұдан өзге мұндай нысандар жылдың соңына дейін екі вокзалда ашылады.
Алматыда Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында туристік павильон пайда болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының хабарлауынша, бұдан өзге мұндай нысандар жылдың соңына дейін екі вокзалда ашылады.
«2018 жылы осындай ақпарат павильондары Орталық стадионда, ҚР Тұңғыш Президенті паркінде, Жібек жолы мен Панфилов көшесіндегі жаяу жүргін жолдарында орнатылады», - деді басқармадан. Қазіргі таңда қалада туристік бағдарлаудың 100 тотемі орнатылған. Алматы әуежайының маңында туристер мағлұмат ала алатын ақпараттық баған бой көтереді.
Фото: www.inform.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript