Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда деструктивті ағымда жүрген 244 адам райынан қайтарылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 19:03 ҚазАқпарат
Мамандар жат ағымдағы азаматтарды сырт келбеті мен мінез-құлқынан ажыратуға болатынын айтты.

Алматыда 2017 жылы деструктивті діни ағымда адасып жүрген 244 адам райынан қайтарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Есенбеков Айдар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы азайып келеді. Адамдар бұл адасу жолы екенін түсініп келеді. Халық арасында түсіндіру жұмысы жүргізіліп келеді. Биыл осындай 512 ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік органдар бұл бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Сондықтан жағдай тұрақталып келеді», - деді басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Мамандар жат ағымдағы азаматтарды сырт келбеті мен мінез-құлқынан ажыратуға болатынын айтты.

«Іс-әрекеті қылықтары күмән тудыратын болады. Адам бұрынғы ортасынан алыстайды. Отбасынан жырақтай бастайды. Оның сөзінен, мінезінен күмән тудыратын қылықтар байқала бастайды. Сырт келбетінен сақал жіберіп, қысқа балақ кие бастайды. Осы кезде дабыл қағу керек. Негізінен деструктивті діни ағым өкілдері базарларда, сауда орталықтарында шоғырланған», - деді А.Есенбеков.

Оның айтуынша, былтыр 244 адам дәстүрлі ислам дініне қайтарылды.

«Әрине, нәтиже бірден білінбейді. Бір адамның санасына ықпал ету үлкен жұмысты қажет етеді. Оған бірнеше ай уақыт өтуі мүмкін. Ол осы уақытқа дейін басқа идеологиямен өмір сүріп келді. Оны айныту өте қиын», - деді А.Есенбеков.

Сонымен қатар, басқарма басшысы мұндай теріс ағымдардың қылмыстық жазаны өтеу орындарында да бар екендігін мойындады.

«Біздің деректерге сәйкес, қылмыстық жазаны өтеу орындарында 28 адам жат ағым жетегінде жүргені анықталды. Қазір түрмелерде штаттық бірлік бөлінді. Онда теологтар жұмыс жасайды. Қала бойынша 6 имам түрмелерге барып аптасына екі рет жекелей және бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазір қылмыстық жазасын өтеу орындарын жат ағымдардың таралу көзі деп айтуға болмайды», - деді Айдар Есенбеков.

Жалпы Алматыда Дін істері жөніндегі басқарма тарапынан 9 ақпараттық топ жұмыс жасайды. Олар былтыр 512 кездесу ұйымдастырып, 80000 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: