Шетелдіктер құмар ойын ойнағанымен, қазақстандықтарға рұқсат жоқ. Конституциялық сот өз төрелігін айтты

Құрам ойын, шетелдіктер, қазақстандықтар, Конституциялық сот  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 20:37 Сурет: pexels
ҚР Конституциялық соты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан азаматтарымен салыстырғандағы құқықтық мәртебесін қалай ажыратуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Ко Конституцияның 39-бабына сәйкес заңдармен белгіленуі мүмкін

Конституциялық сот Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы" 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысының қарар бөлігіндегі 2-тармағының екінші бөлігіне түсіндірме беру туралы өтінішхатын қарады. Онда азаматтыққа байланысты адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы Конституциялық нормаларға ресми түсіндірме берілген.

Министрдің өтінішхатында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың йөзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебе көзделгенін білдіредій деген ресми түсіндірме ережелерінің біріне қосымша түсіндірме сұралды.

Конституциялық сот Қазақстанның азаматтығы бар адамдар конституциялық құқықтар мен бостандықтардың үлкен көлеміне ие екені түсіндірді. Ал йшетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебесі" оларға Конституцияда Қазақстанның азаматтары үшін тікелей белгіленген кейбір құқықтар мен бостандықтардың қолданылмауын көздейді. Мұндай шектеулер Конституцияның 39-бабының ережелері сақтала отырып, заңдармен белгіленуі мүмкін.

Бұған дейін Үкімет Конституциялық сот шешімдерінің орындалуын бақылауды күшейткелі жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: