Алматыда жауын-шашын тоқтап, жылы ауа райы қашан қайтып оралады

Алматы, виды города Алматы, Новая площадь, Площадь Республики, акимат города Алматы, здание акимата города Алматы, здание акимата Алматы , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 14:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, оңтүстік астанада 2025 жылғы 26 және 27 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз болып, +12°C-қа дейін жылынады деп күтілуде, бірақ 28 наурызда мегаполисте күндіз жаңбыр жауады деп болжанады:

26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде аздаған тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +8+10°C.

27 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.

28 наурызда: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +7+9°C.

Бұған дейін Алматыда 2025 жылдың 25 наурызында таңертеңнен бастап қар жауа бастағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: