"Күн күрт суытады". Қазақстанда 26-28 сәуір аралығында ауа райы қандай болады

Жаңбыр, ауа райы болжамы, Қазақстан, 26 сәуір, 27 сәуір, 28 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 19:32 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлады Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін.

Нөсер жаңбыр мына өңірлерде күтіледі:

  • 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында;
  • 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Республикамыздың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі.

"26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз болып, түнде үсік жүреді деп болжанады", делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: