Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанда күн жылынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2024 14:32 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 3-5 ақпанында ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.


"Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел және көктайғақ, әр түрлі фазаларда бұлттылық пен ошақты жауын-шашын болады... Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктердің айтуынша, республиканың оңтүстік облыстары ғана "антициклонның қорғауында әлі де болса, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады".

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстандағы су тасқынының алдын ала болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: