Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде 5000-нан астам студент құрылыс жасағына жұмысқа орналастырылады

Жалақы көлемі 50-55 мың теңге құрайды.

Сурет : Baq.kz11 Сәуір 2018, 10:16

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында студенттік құрылыс және көгалдандыру жасақтарының жұмысы туралы айтылды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ақтөбе қаласында 1669 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Облыс аудандарында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Ол жерде 16-дан 29 жас аралығындағы 3800-ден астам адам құрылыс жасақтарына орналаса алады. Олар жұмысқа көгалдандыру, көркейту және құрылыс сияқты үш бағыт бойынша тартылатын болады. Мамырда 915 адамды құрылыс және басқару компанияларына жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жасақтар жыл бойына жұмыс істейтін болады», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға 770 адам тартылатын болады. Осы мақсаттарға қосымша 11 миллионнан астам теңге бөлінді.

Жалақы көлемі 50-55 мың теңге құрайды. Бірінші кезекте тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының, аз қамтылған отбасылар балаларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тізімді жастар ресурстық орталықтары арқылы жасайтын боламыз», - деп толықтырды табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Кубенов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер