Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты

Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 10:03 Сурет: Zakon.kz
Елімізде орташа жалақы 350 мың теңгеден асты. Ал былтыр осы уақытта 299 мың теңге болған.

Сонымен ең жоғарғы айлық бүгінде Атырау облысында. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 602 мың теңге табыс табады.

Екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Өңірде орташа жалақы - 519 мың теңге. Ұлытауда 471 мың теңге. Ал ең төменгі табыс Түркістан облысында.

Мұнда орташа еңбекақы - 248 мың. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жалақы салыстырмалы түрде аз.

Табысы жоғары жұмысшылар бүгінде тау-кен және өндіріс, қаржы және сақтандыру қорлары мен кәсіби, ғылыми-техника салаларында қызмет етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: