Павлодарда саяжай отқа оранды

www.pavlodarnews.kz www.pavlodarnews.kz
Оқиға орнында жеке құрамнан төрт техника мен 10 адам жұмыс істеп, сағат 14.54-те толығымен сөндірілген.

Павлодарда «Энтузиаст» саяжай учаскесін өрт шалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жаудың орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік пультіне сағат 13.24-те түскен.

Оқиға орнында жеке құрамнан төрт техника мен 10 адам жұмыс істеп, сағат 14.54-те толығымен сөндірілген.

- Қызыл жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыды. Төрт бөлмелі үйдің төбесінің ағаш құрылымдары мен жиһаз, терезе, балкон жанған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбандар болмады. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.

Ақбота Сейсенбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз