Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 22:53 Сурет: Павлодар облыстық ТЖД
Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды, оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да  Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жеке меншік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтіп отыр", - деп хабарлады департамент. 

Өрттің 80 шаршы метр  аумақты шарпығаны анықталды.  

Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: