Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам көз жұмды

Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 18:09 Сурет: freepik
Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам көз жұмды. Ол қайықтан құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген.


"Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға орын алған жерден алты  километр жерде орналасқан жағадан тауып алған", - деп хабарлады департамент. 

Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: