Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Дәрігерлер қыз баланың неден көз жұмғанын айтты

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары оқушы мектепте көз жұмғанын растап отыр.

Сурет : ҚазАқпарат19 Сәуір 2018, 14:15

Ақтөбеде дәрігерлер мектеп оқушысының өліміне қатысты түсінік берді. Алдын ала мәлім болғандай, оқушының жүрегі кенет тоқтап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі №38 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ділназ Әбішеваның қаза болғанын хабарлаған болатынбыз. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары оқушы мектепте көз жұмғанын растап отыр.

«Мектеп оқушысы туралы хабар түскен соң жедел жәрдем 14 минутта оқиға орнына барды. Талап бойынша жедел жәрдем бригадасы 15 миунтта жетуі тиіс. Мектеп мұғалімдеріне, ата-анасына ұзақ күткендей болып көрінуі мүмкін, бірақ бәрі дер кезінде жетті. Олар барлығы 4-5 рет қоңырау шалды. Жедел жәрдем көлігін даладан тоқтатпаған, олар мектепке келе жатқан беті еді. Ал дәрігерлер барғанда баланың көз жұмғаны анықталды», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, жедел жәрдем бригадасы баланың тамыры соқпай тұрғанын анықтағанымен, жасанды тыныс алуға көмек көрсеткен.

«Сот-медициналық сараптамасының айтуынша, балада жүрек ауруы немесе басқа да дерт анықталмаған. «Кенеттен жүрегі тоқтап қалды» деген диагноз қойылып отыр. Бірақ 27 сәуір күні нақты шешім шығарылады. Жыл сайын медициналық тексеруден өткен кезде оқушының денсаулығынан кінәрат табылмаған. Тіпті суық тиіп, тұмауратпаған екен», - деді Светлана Есенаманова.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер