Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мектептегі тамақтану мәселесін бақылауға аламыз – Мәулен Әшімбаев

Барлық мектепте тамақтану стандарттары тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды.

Сурет : Baq.kz23 Сәуір 2018, 12:38

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мектептердегі тамақтану мәселесін жеке бақылауға алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бизнес және мемлекеттік органдармен, мектептердегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін талқыға салдық. Бұл мәселе қоғамда жиі талқыға салынатынын білеміз. Барлық мектепте тамақтану стандарттары тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды. Біздің балаларымыз барлық жерде пайдалы және сапалы аспен тамақтана бермейді. Сондықтан бұл мәселені «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алады», - деді Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, партия «Атамекен» ҰКП, Білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, тиісті шараны қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар мектептерді тамақтану сапасын аттыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бүгін Мәулен Әшімбаев Қазақстан мектептерінде 1 мыңнан астам IT-сынып ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер