Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде төрт адамды өрттен құтқарған әскери қызметкер марапатталды

 Baq.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2018 17:28  Baq.kz 
Екі қабатты үйдің ішіне кірген әскери қызметкер үй ішіндегі тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастайды.

23 сәуірде ҚР Ұлттық Ұлан гвардиясы 6655 әскери бөлімінің жауынгері, ефрейтор Рысқали Еңсепбаев төрт адамды өрттен арашалап қалғаны үшін «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, 16 сәуірде шамамен кешкі сағат 18.50-де келісімшартпен қызмет етуші ефрейтор Рысқали Еңсепбаев жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқанда тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Ол өзінің өміріне қауіп төнетіні туралы ойланбастан, пәтер ішіндегі адамдарға көмектесуге бел буады. Ол аулада алдынан шыққан екі әйелден пәтер ішінде мүмкіндігі шектеулі жан мен егде жастағы әйел бар екенін біледі.

Екі қабатты үйдің ішіне кірген әскери қызметкер үй ішіндегі тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастайды. Нәтижесінде ол үй ішінен мүмкіндігі шектеулі ер адам мен оның әйелін алып шығады. Сондай-ақ, ол пәтер ішінде ересектердің қарауынсыз отырған 2-3 жастағы екі бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды.

«Ең құнды нәрсе – адамның өмірі. Мен оларды өрттен құтқарар кезде тек осы туралы ойладым. Үй ішінде қариялар мен балалар қалғандықтан, оларды өрт жалынынан құтқарудан өзге ештеңе ойламадым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім және олардың тірі қалғаны үшін қуаныштымын әрі бақыттымын. Бізді үйде де, әскери қызметте де осылай тәрбиеледі. Менің іс-әрекетімді бағалағандарыңыз үшін рахмет, бірақ менің орнымда басқа адам болса да солай істер еді. Осындай оқыс жағдайға тап болған адамдарға көмектесу – әр азаматтың борышы», - дейді ефрейтор Рысқали Еңсепбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: