Астанада өртенген көліктегі адамды құтқарған әскери қызметші марапатталды
Отан қорғаушының мұндай батыл әрекеті жоғары басшылықтан лайықты бағасын алды. Төтенше жағдайда көрсеткен табанды іс-қимылы үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов оны "Ел қорғаны" медалімен марапаттады.
Құрмет көрсету рәсіміне әскери бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшіге ведомстволық награданы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов табыс етті.
"Әріптесіміздің іс-әрекеті погон таққан адамдардың борышты асқан абыроймен орындауымен ерекшеленетінін және адамдарды құтқару кезінде өзін құрбан етуге дайын екенін көрсетке керек. Біз бүгін қиын сәтте батылдық танытқан батырымызға құрмет көрсетудеміз. Отанына лайықты, батыл ұл тәрбиелеген ата-анасына мың алғыс айтамыз", – деді ол.
3 желтоқсанда кешке аға сержант Мейрамбек Ысқақов үйдің жанындағы тұрақта жанып жатқан көлікті көрген болатын. Әскери қызметші оқиға туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына тез арада хабарлаған.
Көлікке жүгіре жеткен ол салонда қою түтінге тұншығып, есінен танып қалған жүргізуші бар екенін байқаған. Есікті ашқан Мейрамбек зардап шеккен адамды жанып жатқан көліктен шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырды. Жүргізуші № 1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Әскери қызметкердің шұғыл әрекеті оқиғаның алдын алуға ықпал етті. Жалынға оранған көлікті сөндіруге сонымен қатар өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі көлікте адамның бар-жоғын тексеріп, көмектескен.