Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мамандар: Қазір тау көшкінін тоқтату мүмкін емес

Осыншама ауқымды көшкін бұл өңірде соңғы 1 ғасырда болмаған.

Сурет : Хабар 2425 Сәуір 2018, 09:05

Алматы облысының Кеген ауданында болған көшкіннің жалпы көлемі – 50 млн текше метр, деп хабарлайды Хабар 24.

«Осыншама ауқымды көшкін бұл өңірде соңғы 1 ғасырда болмаған», – дейді «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары. Тау бөктерінің опырылуына осы өңірде болып тұратын жерасты дүмпулері мен толассыз жауған жауын-шашын себеп.

Тау бөктерінен жырылып, бөлінген көшкін Көлсайға баратын жалғыз жолды жауып қалды. Бірақ қазір екпіні бәсеңдеп, күніне 1 метр төмен сырғиды. «Қазселденқорғау» мен ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, Саты ауылына ешқандай қауіп жоқ. Бірақ жалпы көлемі 50 млн текше метр болатын сары топырақтың сайда ағып жатқан Көлсай өзені жағалауына жақындауы алаңдатпай қоймайды.

Қазір тау көшкінін тоқтату мүмкін емес. Мамандар геодезиялық зерттеулерді жасап, осы аймақтың инженерлік картасын жобалап жатыр. Күн сайын төмен сырғыған топырақ Көлсай өзеніне төгілу қаупі бар. Қазр мұнда 70-тен астам арнайы техника іске кірісуге дайын тұр. Олар жағалауды бекітіп, жолды топырақтан тазартады.

– Саты елді мекеніне ешқандай қауіп жоқ. Өйткені Саты елді мекені биікте орналасқан. Егер бір су көлемі көбейіп аққан кезде ол елді мекенге ешқандай қауіп төндірмейді, - деді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Тоқтар Баймолдаев.

Саты ауылы мен Көлсай арасы – 5-6 шықырым. Ауыл тұрғындары демалыс орнына баратын жалғыз жолдың жабылып қалғанына қапалы. Өйткені жергілікті тұрғындар жаз бойы осы жерден күн көрісін тауып отыр. Туристік маусым енді ғана басталды. Сондықтан жолдың тез арада тазартылғанын қалайды.

– Ел аман, жұрт тыныш. Ешқандай шығын жоқ. Құдай сақтасын, бұл табиғаттың апаты болғандықтан енді, - дейді Саты ауылының тұрғыны Болат Мырзаханов.

Қазір табиғат тосын мінез танытып, көшкін болған жер Төтенше жағдай қызметінің қатаң бақылауында. Көшкін салдарынан зақымданған 500 метр электр желісін қалыпқа келтіру, бағаналарды орнату жұмыстары пысықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер