Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда заңсыз сақталған қару-жарақ қабылдау басталды

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 22:19 www.24.kz
Өңірде соңғы бір апта ішінде құжаты жоқ 45 қару сатып алынған.

Таразда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталып, оған мемлекеттен 11 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Өңірде соңғы бір апта ішінде құжаты жоқ 45 қару сатып алынған. Полицейлердің айтуынша, мұндай бастама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, түрлі құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді.

Былтыр халықтан 114 өтініш қабылданып, 220 қару және 2 граната алынды. Олардың әрқайсысының техникалық жағдайына қарай 20 мыңнан 240 мың теңгеге дейін төленеді. Оны арнайы комиссия анықтайды. Ал заңсыз қаруды өз еркімен өткізген тұлғалар заң алындағы жауапкершіліктен босатылады.

Қанат Құрманәлиев, облыстық ІІД ӘПБ инспекторы: - Бізде қару қабылданған жағдайда экспертизаға жіберіледі. Ішкі істер департаментінің эксперттері экспертиза жүргізіп, ол бойынша бізге қорытынды шығарады. Егер қорытындыда қандай бір қылмысқа қатысы бар мылтық болып егер белгіленсе. Онда бұл бойынша тергеу жұмыстары жұмыстары жүргізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: