Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында азаматтық қару иелері тексерілуде

Willie Lunchmeat, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 22:26 Willie Lunchmeat
Еш құжаты жоқ 23 қару-жарақ тәркіленді.

Алматы облысының полицейлері азаматтық қару иелерінің құжаттарынан 300 астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12-18 наурыз аралығында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізген Алматы облысының полицейлері 4900 астам азаматтық қару иелерін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерген. Тексеру барысында 370 шаруа қожалық қамтылып, құжаты бар қарулардың сақталу және тасымалдану тәртібі қаралды.

Арнайы шара барысында 334 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды тіркеуге қою және сақтау тәртібін сақтамау деректері көп кездеседі. Еш құжаты жоқ 23 қару-жарақ тәркіленді. Сондай-ақ, қолдан жасалған қару түрлері мен заңсыз оқ-дәрі сақтаудың 10 дерегі әшкереленіп, қылмыстық істер қозғалды, - деді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары осы уақытқа дейін мекенжайын анықтау мүмкін болмаған криминалдық есепке алынған 3 қару иесінің тұрғылықты жерін анықтаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: