Жаңалықтар тізбегі
0

Бөрлі ауданының бас балуаны анықталды

Газета "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести", сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 17:31 Газета "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести"
Кім мықтыны анықтаған сайысқа өңірдің сайдың тасындай тізілген 17 балуаны қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» қазақ күресінің аудандық іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақ спортын, оның ішінде ұлттық күресті насихаттауға бағытталған бірегей жоба елдің көңілінен шығып, сүйікті жарысына айналды. Кім мықтыны анықтаған сайысқа өңірдің сайдың тасындай тізілген 17 балуаны қатысты.

«Күш атасын танымас» деген балуандар өзара мықтыны анықтап, айласы мен әдісі, бабы мен бағы келіскен қатысушылар финалда белдесті. 90 келі салмақ дәрежесіне дейінгі балуандар «Өгіз балуаны» атағын иемдену үшін белдесіп, нәтижесінде бірінші орынды Азамат Ташимов, екінші орынды Төлеген Жұмағазиев, ал үшінші орынды Бекзат Дәулетов еншіледі.

Делебені қоздырып, көңіл көрігін қыздырған белдесулер «Түйе балуан» атағы үшін күрескен балуандардың арасында өтті. Нәтижесінде бірінші орынды және облыстық жарысқа жолдаманы Темірлан Көлбай жеңіп алса, екінші орын Серік Қалимоллаға бұйырды. Ал бұл үштікті Наурызбек Сабырғалиев қорытындылады.

Айым Нұрғалиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: