Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны қоғамдық орында темекі шеккені үшін екі күнге қамауға алынды

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 20:24 massaget.kz
Сондай-ақ, алкогольді сусындарды ішуіне үш ай мерзімге тыйым салынды.

Мемлекет басшысының қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі бұйрығы ерекше және қатаң қадағалануда, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын орындау барысында, ұсақ бұзақылық, темекі шегу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, қоқысты бей-берекет шашу және т.б. бойынша 17460-тан астам ұсақ құқық бұзушылықты анықтады.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы учаскелік аймаққа тексеріс жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады. 1975 ж.т. азаматша Манас көшесінің бойында темекі тұқылын жерге тастап, көпшілік пайдаланатын орынды ластау арқылы төңірегіндегілерді сыйламайтынын танытқан.

Бір жылдың ішінде көпшілік пайдаланатын орынды ластап, әкімшілік құқық бұзушылықты қайталағаны үшін азаматшаға «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азаматша екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылып, алкогольді сусындарды ішуіне үш ай мерзімге тыйым салынды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық жайлы ақпаратты 102 телефон нөміріне немесе жақын учаске пунктіне хабарлауларын сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: