Қырғызстан азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды
Сурет: pixabay
Қырғызстан азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 қыркүйекте Алматы – Атырау әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне Air Astana әуе компаниясы өкілінің актісі бойынша құқық бұзушы берілді.
Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі шеккен 30 жастағы Қырғызстан азаматын анықтады.
Шетелдік азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1,2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript