Алматыдан Көкшетауға бара жатқан ұшақта темекі шеккен Қытай азаматына 50 АЕК көлемінде айыппұл салды

Әуежай, ұшақ, борт, темекі, Қытай азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 14:34 Сурет: pixabay
Алматыдан Көкшетауға ұшып бара жатқан ұшақ бортында темекі шеккені үшін Қытай азаматына айыппұл салынды. Шетел азаматы бұл қылығы үшін 172 мың теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау әуежайының желілік полиция бөлімі таратқан мәлімет бойынша,   Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді.

Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай Халық Республикасының 48 жастағы азаматы болып шықты.

Бұл факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу) 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: