Жаңалықтар тізбегі
0

Асанәлі Әшімов: Сапарбаев жемқор емес, жақсы басшы

juldyz.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 15:57 juldyz.kz
Баспасөз мәслихаты кезінде Асанәлі Әшімов Ақтөбенің қалай өзгергенін айтып берді.

Ақтөбеге Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры келді. Актер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов соңғы жылдары Ақтөбенің қалай өзгергенін, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қандай басшы екенін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Осы аптада Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «Ақтастағы Ахико», «Сыған серенадасы», «Бейбарыс сұлтан» секілді бірнеше спектаклін сахналайды. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген театр ұжымы алдағы жоспарымен бөлісті. Ал КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Ақтөбедегі драма театрын Алматыға шақырды.

«Бұл өңір тарихта белгілі, ұлы адамдар шыққан жер. Әруақытта біз тағзым етіп, сәлем беріп келеміз. Ол біздің міндетіміз. Театрда қазақ, орыс труппасы бар. Әріптестеріміздің көбін танимыз. Спектакльдерімен Алматыға шақыруға мүмкіндігіміз бар. Олар да орталыққа келіп есеп бере алады. Жоспарымызда бар. Режиссерлар ауысып, спектакльдер қоюға болады», — деді Асанәлі Әшімов.

Баспасөз мәслихаты кезінде Асанәлі Әшімов Ақтөбенің қалай өзгергенін айтып берді.

«Ақтөбеге 7-8 жыл бұрын келген едім. Қала көп өзгерген, жақсарған. Орталықта көптеген мәдени ошақтар ашылған. Қаланың тәртіпті болып тұруы, жақсы құрылыстардың түсуі, Жұбановтар орталығының ашылуын көріп, қуанып қалдым. Қала өсіп келе жатыр. Басшыларың жақсы. Бердібек Сапарбаев көп жерде жұмыс істеген, тәжірибесі бар, адал. Жемқор емес, ондайдан аулақ, жақсы басшы. Бердібек Сапарбаев маған ұнайды. Сапарбаев сияқты бірнеше басшы бар. Шенеуніктерді көп сынап жатамыз. Ондайлар да көп. Ел туралы, елдің қамын ойлайтын, өнерге зер салатын басшылар да бар. Сонысымен жақсы дейміз. Қандай басшы соңдай ел, қала болады», — деді Асанәлі Әшімов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: