Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сапарбаев су арнасына салынған мектеп туралы: Бұл - масқара

Пайдалануға берілгеніне 4 ай болған мектепте жөндеу жұмыстары қайта жүргізілді.

Сурет : ҚазАқпарат3 Мамыр 2018, 10:41

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев су арнасының бойына мектеп салған жергілікті органдарды сынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласы Ақшат ауылындағы орта мектеп су арнасының бойына салынып, көктем кезінде оның жертөлесі суға толып кеткен болатын. Пайдалануға берілгеніне 4 ай болған мектепте жөндеу жұмыстары қайта жүргізілді.

Облыс әкімі құрылыс кезінде сапаға баса назар аударуды, мектепті салған кезде бақылаудың болмағанын ескертті.

«Жаңа үйлердің, мектептердің төбелерінен су ағып тұр, мектеп ғимараты су тасқынының табиғи арнасында тұрғызылған. Масқара ғой бұл! Іске қосу кезінде техникалық және авторлық қадағалаудан қалай өткізген? Осының бәрі бақылаудың әлсіздігінен. Бақылаушы органдар құрылыс басына барып, қалай салып жатқандырын, құрылыс нормаларының сақталғанын өз көздерімен көрулері тиіс. Құрылыста бастысы - сапа. Ондай қате енді болмау қажет, бақылауды күшейтіңіздер. Ал әлі де кепілдік қызмет көрсетуде тұрған жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарға қатысты айтарым, мердігерлер тұрғындардың шағымдарына әрекет етіп, өз қателерін тез жоюлары қажет», - деп тапсырды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, жиын кезінде жол салып, кепілдік мерзімі бітпеген компаниялар міндеттерін толық орандауы тиіс екені айтылды. Мәселен, Ақтөбе қаласы бойынша 12 шағын аудан, Космос ауданы, Шернияз, Кутуев, В.Пацаев, Ш.Қалдаяқов көшелеріндегі жолдарда шұңқырлар бар. Мердігер компаниялар өз қаржысына бәрін қалпына келтіреді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер