Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі жыл бұрын салынған заманауи үлгідегі мектеп апаттық жағдайда тұр

Мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 23:21 Cурет: unsplash
Алматыда Мамыр ықшам ауданындағы №202 мектеп-гимназиясының қабырғасы қақырап тұр. Ғимараттың пайдалануға берілгеніне 2 жыл болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл бірнеше рет айтылған мәселе, әлі шешімін таппапты. Жер учаскесінде гидрант дейді, "пожарный гидрант" әлі істемейді, екі жыл болыпты, ішінде суы да жоқ. Содан кейін мынау мердігер компания біраз жұмыстарды абыр-сабыр жасаған, соны қазір көріп шығамыз" Ерболат Қасымов, Алматы мәслихатының депутаты, Amanat партиясы қалалық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы 

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, гимназия директоры Болат Жанайханұлы бұл мәселені осымен үшінші рет көтеріп отыр. Құзырлы орын өкілдерін шақырып, рейд ұйымдастырды.

Екі жыл бұрын салынған ғимараттың қабырғасында сызат көп. Директордың айтуынша, іргетасы шөгіп барады.

"Мұндай үлкен құрылыста 2 жылдық кепілдік берілуі керек. Бұл жақта тек бір-ақ жыл берілген. Мектептің өрт қауіпсіздігі дабылы жоба бойынша жасалмаған дейді және де мектепте орналасқан өрт гидрантында су жоқ. Құдай сақтасын, өрт болған жағдайда қауқарсызбыз". Болат Жанайханұлы, №202 мектеп-гимназияның директоры

Жаңа мектептің мұнан да басқа кемшілігі көп. Балалар суық кабинеттерде оқуға мәжбүр. Ал мердігер компания басшысы, бұл мәселелер шешіледі деп уәде берген.

"Мен адамдар жіберіп, жөндетуге уәде бердім. Суық жібермеу үшін ескірген, бұзылған жерлердің бәрін қалыпқа келтіреміз. Батареяның жылуына келетін болсақ, біз жобадан тыс ешнәрсе жасай алмаймыз, барлығы жобаның аясында салынды. Бұған ақша құйылды ғой. Терезелердегі саңылауды келер апта жөндеп береді. Ал қалған мәселелер бойынша жөндеу жұмыстары ғимаратқа жүргізілген сараптама нәтижесі шыққан соң басталады", - дейді ЖСШ директоры.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: