Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тыныштықты бұзған екі мыңдай азамат жауапкершілікке тартылды

Осы жылдың басынан түнгi уақытта (сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейiн) тыныштықты бұзғаны үшін 1900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сурет : inform.kz3 Мамыр 2018, 14:37

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 28 сәуірінде Астана қаласы ІІД «Есіл» ауданының кезекші бөліміне Сығанақ көшесі, 21/1 үйінің тұрғынынан аталмыш мекен-жайда орналасқан компьютер клубы өте шулы, сондай-ақ келушілердің түнгі уақытта тыныштықты жиі бұзатындығы жайлы хабарлама келіп түсті. Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы компьютер клубына барып тексеріс жүргізу барысында аталмыш факті расталды.

Астана қ. ІІД ЖПҚ қызметкері компьютер клубының администраторына «Тыныштықты бұзуына» сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салған.

Еске сала кетсек, осы жылдың басынан түнгi уақытта (сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейiн) тыныштықты бұзғаны үшін 1900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық жайлы ақпаратты 102 телефон нөміріне немесе жақын учаске пунктіне хабарлауларын сұрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер