Жаңалықтар тізбегі
0

Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» төрағасына сөгіс жариялап, жылдық бонустарын алып тастады

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 22:07 informburo.kz
Кеңес барысында Ахметжан Есімов «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Бұл туралы zakon.kz «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті «Тау-Кен-Самұрық» АҚ-ның Басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаратау» ЖШС Бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Тау-Кен-Самұрық» АҚ-ның Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке «Тау-Кен-Самұрық» АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында Ахметжан Есімов «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды .

Сонымен қатар, жиында Қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: