Семейге Тарбағатай ауданынан гуманитарлық көмек келді

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Cу тасқынынан зардап шеккен Түйемойнақ аралы, Пристань ауданы және Бобровка саяжайы, Мирный кенттерінің тұрғындарына таратылады.

Су тасқынынан зардап шеккен семейлік тұрғындарға аймақтардан әлі де гуманитарлық көмек келіп жатыр. Солардың бірін тарбағатайлықтар жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тарбағатай елі сіздермен бірге» деп жазылған автобусқа тиелген гуманитарлық көмекті «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында құрылған қабылдау пунктінің қызметкерлері тосып алды. Макарон, ұн, күріш және тағы да басқа азық-түлік өнімдері су тасқынынан зардап шеккен Түйемойнақ аралы, Пристань ауданы және Бобровка саяжайы, Мирный кенттерінің тұрғындарына таратылады.

«Игілікті іске бастамағы болған жандарға айтар алғысымыз зор. Себебі, республикамыздың әр аймағынан көмек келіп жатыр. Біздің қоймада тұрған азық-түлік, киім-кешектерді арайы құрылған комиссия мүшелері арқылы тұрғындарға бөліп, таратып беретін болады», - дейді «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалдинова.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз