Жаңалықтар тізбегі
0

Мартиросян Головкиннің соққысы туралы: Пойыз астына түскендей болдым

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 18:47 Сурет: zakon.kz
Шаршы алаңдағы кездесуден кейін Мартиросян қазақстандық боксшыға қатысты пікір білдірді.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ванес Мартиросянның рингтегі шабуылдарына жоғары баға берді. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әзірге ешбір келісімшартқа қол қойылған жоқ. Алдағы уақытта не болатынын әлі көреміз. Геннадий нокауттар сериясын жалғастыруды бастады. Ол 23 боксшыны нокаутқа жіберді. Головкин Ванестің 2 раундта жұдырықтасқаны «Канелоның» 12 раундта көрсеткен әрекетіне теңескенін айтты. Біз көрілім мен табыс жағынан StubHub рекордын орнаттық», - дейді Леффлер Villainfy Media басылымына берген сұхбатында.

Шаршы алаңдағы кездесуден кейін Мартиросян да қазақстандық боксшыға қатысты пікір білдірді. «Пойыздың астына түскендей болдым» деді Мартиросян Головкиннің соққылары туралы. Сондай-ақ, ол «Канело» мен Джейкобстың Головкиннен жеңілмеу себебін түсіндірді. Оның пікірінше, бұл аты аталған боксшылар шаршы алаңға жеңіс үшін емес, 12 раунд бойы шыдап-бағу үшін шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, 5 мамыр күні Головкин-Альварес жекпе-жегінде кейінгісін Ванес Мартиросян алмастырды. Шаршы алаңдағы кездесу нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын 2-раундта нокаутқа жіберді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: