Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Eurovision-2018 финалына өткендер белгілі болды

Финалға Норвегия, Сербия, Дания, Молдова, Нидерланды, Аустралия, Мажарстан, Швеция, Словения мен Украина таланттары шықты.

Сурет : ҚазАқпарат11 Мамыр 2018, 09:25

Португалияның Лиссабон қаласында «Eurovision-2018» 63-ші халықаралық ән байқауының жартылай финалы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші жартылай финалда 18 елдің әншілері өнер көрсетті: Норвегия, Румыния, Сербия, Сан-Марино, Дания, Ресей, Молдова, Нидерланды, Аустралия, Грузия, Польша, Мальта, Мажарстан, Латвия, Швеция, Черногория, Словения мен Украина.

Нәтижесінде финалға Норвегия, Сербия, Дания, Молдова, Нидерланды, Аустралия, Мажарстан, Швеция, Словения мен Украина таланттары шықты.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні өткен бірінші жартылай финалда Израиль, Эстония, Чехия, Аустрия, Кипр, Болгария, Албания, Финляндия, Ирландия және Литва әншілері соңғы сайысқа өткен болатын.

Сонымен қатар, байқау финалына «үлкен бестік» - Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия мен Франция, сондай-ақ байқауды өткізіп жатқан Португалия әншілері автоматты түрде өтеді.

Евровидения-2018 жеңімпаздары 12 мамырда сенбі күні белгілі болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер