Александр Недовесов тағы да ATP 250 турнирінің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Бастада (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирдің жұптық сайысында финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық эквадорлық Гонсало Эскобармен италиялық Никола Симоне Болелли мен Андреа Вавссориді 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңді.
Енді финалда Александр Недовесов мен Гонсало Эскобар бразилиялық Рафаэл Матос пен португалиялық Франсиско Кабралмен ойнайды.
Финалдық ойын ертең, 22 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, бұл - Недовесовтың ATP 250 сериясындағы турнирлердің жұптық сайыстағы бесінші, биылғы үшінші финалы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript